• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ

379 рет
көрсетілді

2015 жылғы 12 наурыз №207 Астана қаласы Қазақстан республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 1 сәуір №294 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ «Қазақстан Республикасының стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілері мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қауіпсіздік жүйелерімен жарақтау және инженерлік-техникалық нығайту жөніндегі техникалық талаптарды белгілейтін мемлекеттік нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 11 қарашадағы №418 және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы №12 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. «Қазақстан Республикасының стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілері мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін кауіпсіздік жүйелерімен жарақтау және инженерлік-техникалық нығайту жөніндегі техникалық талаптарды белгілейтін мемлекеттік нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 11 қарашадағы №418 және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы №12 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын («Экспресс-информ» газетінің 2009 жылы №1 (67) санында жарияланған). 2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ.ҚАСЫМОВ. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ.